Диярбакырда "Ерен Аблука-21" операциясы басталды

Ішкі істер министрлігі «Ерен Аблука - 21» операциясының басталғанын жариялады

1853367
Диярбакырда "Ерен Аблука-21" операциясы басталды

Диярбакырда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы «Ерен Аблука - 21» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен алып тастау және аймақта орналасқан террористерді залалсыздандыру мақсатында Диярбакырда «Ерен Аблука-21 (Лидже/Даралан) шейіт жандармерия маманы сержант Кадир Чакы операциясы» басталды.

Операцияға 1 мың 40 адамнан тұратын 59 жедел операциялық топ қатысты.

Мәлімдемеде елдегі лаңкестікті толығымен жою мақсатында жүргізілген «Ерен Аблука» операцияларының азаматтардың қолдауымен адал және табанды түрде сәттілікпен жалғасатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар