Түркия Ауғанстанға жәрдем қолын созды

БҰҰ Түркия мен Пәкістанның Ауғанстанға жасаған гуманиталық жәрдемдерін мақтады.

1847237
Түркия Ауғанстанға жәрдем қолын созды

Ауғанстанда алдыңғы күні түнде  5,9 балдық жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінде 1000 адам қаза тапқан және 1500 адам жарақат алған еді. Апатқа орай Түркия мен Пәкістан Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем берді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркия мен Пәкістанның Ауғанстанға көрсеткен жомарттық әрекеті мен жасаған гуманиталық жәрдемдерін мақтады.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Рамиз Ал-Акбаров «Түрік елшілігі лауазым иелерімен байланыс жасадық. БҰҰ-ның Ауғанстанда іздеу құтқару қабілеті жоқ және Түркияның бұл жәрдемдерді өте жақсы жасайтынына сенеміз» деді.

Ал-Акбаров «Азық-түлік тарату орталықтарының құрылуында Түркия және Пәкістан лауазым иелері қол ұшын берді. Ел ел қолынан келген жәрдемдерін аямады. Бұл жерде бұны айтқым келеді» деген сөздер қолданды.

Осы барыста Талибан 5,9 балдық қуатты жер сілкінісінде көп адамның қаза табуынан кейін халықаралық жәрдем үшін үндеу тастады.

Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Абдул Кахар Балхи үкіметтің халыққа қаржылай жәрдем бере алмағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар