Түркия Буркина-Фасоға көңіл айтты

Түркия Буркина-Фасодағы лаңкестік шабуылда қаза тапқан 79 адам үшін үшін көңіл айтты.

1843894
Түркия Буркина-Фасоға көңіл айтты

Түркия Буркина-Фасодағы лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

ТР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Сахел аймағындағы Сено провинциясында болған лаңкестік шабуылда кемінде 50 бейбіт тұрғынның қаза табуына қатты қайғырдық» делінді.

Шабуыл қатаң түрде айыпталған мәлімдемеде «Қаза болғандардың отбасылары мен дос және бауырлас Буркина-Фасо халқына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Буркина-Фасо үкіметінің мәлімдемешісі Лионель Бильго кеше өткен баспасөз мәслихатында кім екендері белгісіз қарулы адамдар Сахел аймағында сенбіден жексенбіге қараған түнде шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Билік шабуылда қаза тапқандар санының кейін 79-ға жеткенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар