"Грекия арқылы жүргізілген ойыннан хабардармыз"

Президент Ердоған мәжілісте сөз сөйледі.

1843775
"Грекия арқылы жүргізілген ойыннан хабардармыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға Грекия арқылы жүргізілген ойыннан хабардар екенін айтты.

Әділет және даму партиясы төрағасы, президент Ердоған өткен аптада Измирде өткен «Эфес 2022» оқу-жаттығуы барысында Эгей теңізіндегі оқиғаларға байланысты пікірлерін ашық түрде жеткізгендерін айтты. Партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында сөйлеген сөзінде ол  "Тарихта болғанындай біз қазір де Греция арқылы біздің елге қарсы ойналған ойынды білеміз. Мәселе Грецияның бұл ойынды білмеуінде немесе бұл ойында ерікті ретінде әрекет етуінде» деді.

Президент Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне өтінішіне байланысты «НАТО мәселесінде біз Швеция мен Финляндия лаңкестікпен күресте нақты, анық және батыл қадамдар жасамайынша өз ұстанымымызды өзгертпейміз» деді.

Ел атын шеттілде Türkey-ден Türkiye-ге айналдыру қадамын әлемде сәтті жүзеге асырғандарын атап көрсеткен Ердоған ұлттық әуе компаниясының рейстерін  «Turkish Airlines» емес, «Түрік әуе жолдары» деп орындайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар