Лавров пен Чавушоғлу баспасөз өкілдерінің алдына шықты

Ресей және Түркия делегациясы Анкарада бас қосты.

1839870
Лавров пен Чавушоғлу баспасөз өкілдерінің алдына шықты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу дақыл тасымалы үшін БҰҰ, Ресей, Украина және Түркия арасында қалыптастырылатын механизм және ынтымақтастықты қамтитын бір жоспарды Түркия ретінде орынды деп тапқандарын айтты.

Министр Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Анкарада өткен кездесуден кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.  Ол Украина мен Ресейден әлем елдеріне экспортталатын өнімдердің алдында тұрған кедергілерді Лавровпен бірге талқылағандарын білдірді. Министр Украина дақылының халықаралық нарыққа шығуы үшін БҰҰ-ның бір жоспары бар екенін атап көрсетті. Чавушоғлу осы жоспарға байланысты «Осы тақырыпта кемелердің бақылауға алынуын да қосқанда БҰҰ, Ресей, Украина және Түркия арасында қалыптастыруға болатын бір механизм және ынтымақтастық қамтитын жоспар алдымызда.  Біз Түркия ретінде осы жоспар орынды деп есептейміз және орындауға болатын жоспар ретінде көреміз» деді.

Министр осы жоспардың Ресей және Украина тарапынан да қабылдануы керектігін атап көрсетті.  «Осы жоспардың егжей-тегжейін талқылау үшін Стамбулда бір жиналыс өткізуге болатынын БҰҰ-на білдірдік» деді ол.

Украина дақыл өнімдерінің, күнбағыс және күнбағыс майының халықаралық нарыққа жеткізілуіне қарымжы ретінде Ресейдің де экспортының алдында тұрған кедергілерді алып тастау талабын Түркия заңды және орынды деп есептейді. «Бұл тақырыпты тек Ресей экспорттайтын дақылдар мен тыңайтқыштардың санкцияларға қосылмайтынын айту арқылы шешу де дұрыс емес. Ал осы өнімдерді тасымалдайтын кемелердің сақтандырылуы,  логистикалық тақырыптар,  порттарға жетуі, берілетін қызметтер мен төлемдерге байланысты істер де шешім күтеді» деді Чавушоғлу.

Чавушоғлу кемелердің сенімді саяхаты үшін қабылданатын шараларды талқылау керектігін және механизмнің тез арада жүзеге асырылуының пайдалы екенін айтты. Министр Чавушоғлу «24 ақпан күнінен бері соғысып келе жатқан Ресей мен Украина арасында біз келіссөзге қайта оралу тақырыбында жасыл белгі беретін атмосфера сезініп отырмыз» деді.

Сирияның шығысының территория тұтастығына қауіп төндіретін, әрі бізге қауіпті арттыратын террорлық ұйымдардың осы елден тазалануы керек» деді Чавушоғлу.

Лавров та Қаратеңіз дәлізі тақырыбында «Түрік достарымыздың талпынысын өте жоғары бағалаймыз. Украина жағы минаны тазалау істеріне дайын болса, біз де дайынбыз» деді. Орыс министр «Түрік достарымыздың сыртқы күштер тарапынан Сирия шекарасында қалыптастырылған қауіптерге байланысты сезімталдықтарын түсінеміз. Америка Құрама Штаттары Сирияда заңсыз түрде кейбір ұйымдарға қолдау беріп отыр» деді.



Ұқсас жаңалықтар