Ұлттық ғарыш бағдарламасы ресми түрде басталады

Түркия Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында бір түрік азаматын Халықаралық ғарыш станциясына жібермек.

1831298
Ұлттық ғарыш бағдарламасы ресми түрде басталады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында бір түрік азаматын Халықаралық ғарыш станциясына (UUID) жіберу процесін ресми түрде бастады.

Президент Ердоған Президенттік үкімет жиналысының артынан мәлімдеме жасады.

«Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында 1 түрік азаматын халықаралық ғарыш станциясына жіберу процесін ресми түрде бастаймыз» деген Ердоған «Бұл ұлттық бір міндет болмақ. Біз ғарышқа жіберетін азаматымыз өзінің немесе Түркиядағы басқа ғалымдарымыздың гравитациясыз ғарыштық ортада қалаған ғылыми сынақтарды жүзеге асыруға мүмкіндік тапсын.

Бұл ұлттық міндетке өтініш беру үшін uzaya.gov.tr интернет парақшасын құрдық. 45 жастан кіші Түркия Республикасының барлық азаматтары бұл лауазымға өтініш бере алады» деді.

Өтініштер арасынан таңдалатын екі үміткердің Түркияның ғылыми елшісі ретінде ғарышқа бару үдерісі үшін қажетті оқу-жаттығуды толық орындайтынын атап көрсеткен Ердоған «Оқу аяқталғаннан кейін екі үміткердің бірі өздері қабылдаған тарихи қызметі үшін 2023 жылы халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі. Күдіксіз аспанға ең жарасатын ту – ай және жұлдызымен қызыл туымыз екені даусыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар