Андерссон Түркияның тұғырына тоқталды

Магдалена Андерссон Түркияның Швецияның НАТО мүшелігі тақырыбындағы тұғырына тоқталды.

1830916
Андерссон Түркияның тұғырына тоқталды

Швеция премьер-министрі  Магдалена Андерссон елінің НАТО мүшелігі жайлы Түркиямен кездесулерін жалғастырғанын және келіссөздердің біраз уақыт алатынын білдірді. 

Швеция ресми хабар агенттігі "TT"-ге мәлімдеме жасаған Андерссон Түркияның Швецияның НАТО мүшелігі тақырыбындағы тұғырына тоқталды. 

Түркиямен диалогты жалғастырғандарын түсіндірген Андерссон "Апта аяғында президент (Режеп Тайып) Ердоғанмен сәтті бір кездесу өткіздім. Швеция және Финляндия Түркиямен екі жақтылы және үштік кездесулерді жалғастырады. Алайда келіссөздер біраз уақыт алады" деп көрсетті. 

Түркиямен өткізілетін келіссөздерді сабырсыздықпен күткенін білдірген Магдалена Андерссон бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны террор тізіміне алған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар