Қаралау әрекеттеріне қарсы күрес жүргізіледі

Фахреттин Алтун Түркияны қаралау әрекеттеріне қарсы табанды түрде күрес жүргізетіндерін айтты.

1825438
Қаралау әрекеттеріне қарсы күрес жүргізіледі

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Түркияны қаралау әрекеттеріне қарсы табанды түрде күрес жүргізетіндерін айтты.

Алтун астана Анкарада Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы конференция залында ұйымдастырылған жергілікті медиа жиналысында сөз сөйледі. 

Фахреттин Алтын саясаттан экономикаға, қауіпсіздіктен медиаға, сондай-ақ барлық салаларда мемлекеттің кең көлемді шабуылдарға душар болғанына назар аударды. 

Кейбір күштердің Түркияның босқын саясаты арқылы елде былықпалық жаратуға тырысқанын түсіндірген Алтун "Елімізге келіп паналағандарға ие шығу адамгершілік міндет" деген сөздер қолданды. 

Жаны мен абыройын қорғау үшін отанын тастап кетудің амалсыз жағдай екенін баяндаған Алтун мемлекеттің босқын тақырыбын қатысты барлық орган және ұйымдармен бірге қадағалап отырғанын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар