Чавушоғлу Панамаға барды

Министр Чавушоғлу Панама Сыртқы істер министрі Эрика Муйнеспен кездесті.

1820224
Чавушоғлу Панамаға барды

Сыртқы істер министр Латын Америка сапары аясында Панамаға барды. Министр Чавушоғлу Панама Сыртқы істер министрі Эрика Муйнеспен кездесті. 

Чавушоғлу екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың тіпті де дамытылуы керектігін түсіндірді. 

Министр Чавушоғлу "Екі ел сауда көлемі өткен жылы 50 пайыз артып, 323 миллион долларға ұласты. Дипломатиялық, сауда және экономикалық әлеуетімен аймақта маңызды бір рөл ойнаған Панаманы күшті бір ортақ ретінде қараудамыз" деп көрсетті. 

Чавушоғлу "Әсіресе туризм, энергия және логистикалық салаларда үлкен бір потенциал бар. Қол қойылатын сауда, туризм және экономикалық ынтымақтастық келісімі екі ел арасында аралас экономикалық комиссиясының құрылуына мүмкіндік болады" деген сөздер қолданды. 

Министр Чавушоғлу туризм ынтымақтастығы келісімімен екі елдің тіпті де жақындасатынын білдіріп, "Түркия мен Панама екі туризм елі. Түрік әуе жолдарының Панама мен Стамбул арасында тікелей рейс тақырыбында да келісімге бардық" деді. 

Білім беру және мәдениет салаларында түрік тілінің Панама Университетінде оқытылуы үшін ынтымақтастықтың күшейтілетінін баяндаған Чавушоғлу осы тақырыпта сәтті кездесулер өткізгендерін айтты.

Панама Сыртқы істер министрі Эрика Муйнес те Чавушоғлу сапарының екі ел арасындағы алғашқы сапар екенін еске салып, "Құрметті Чавушоғлуның елімізге жасаған сапарының екі ел үшін пайдалы болғанын айтқым келеді" деді. 

Панамадағы сапарын тамамдаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Латын Америка турының соңғы аялдамасы Венесуэлаға өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар