Министр Акар қорғаныс министрлерінің жиналысын бағалады

Хулуси Акар: «Осы уақытқа дейін Босфор арқылы ешбір әскери кеме өткен жоқ».

1819217
Министр Акар қорғаныс министрлерінің жиналысын бағалады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 24 ақпан күні Ресей-Украина арасында басталған соғыстан кейін Түркияның «Бұғаздардың мәртебесі туралы Монтре конвенциясы» (1936) аясында Босфордан ешбір әскери кеменің өте алмайтынын барлық тараптарға жеткізгендерін еске салып: «Осы уақытқа дейін Босфор арқылы ешбір әскери кеме өткен жоқ» деді.

Акар Америка Құрама Штаттарының Германиядағы Рамштайн НАТО әуе қорғаныс базасында (кеше) өткен «Украинаға арналған қорғаныс және қауіпсіздік кеңес тобы жиналысынан» кейін мәлімдеді.

Украинаға арналған қорғаныс және қауіпсіздік кеңес жиналысын 40-тан астам елдің өкілдерімен өткізгендерін атап көрсеткен Акар Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников бастаған кейбір тұлғалармен де пікір алмасқанын мәлімдеді.

Украинадағы оқиғаларды мұқият қадағалайтындарын айтқан Акар «Қалыпты көзқараспен дипломатияға жол ашуымыз керек. Осылайша жеңілірек бейбіт шешімдер табуға болады деп есептейміз» деді.

Министр Акар кездесуде Түркияның оқиғаларға көзқарасын тағы бір рет бөлісу мүмкіндігіне ие болғандарын атап «Президентіміз Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірнеше рет сөйлесті. Бұл кездесулерде Президентіміз атысты тоқтатуға тезірек қол жеткізу үшін олардың басын келіссөз үстеліне қосуға күш жұмсауда» деді.

Кейбір қиындықтарға қарамастан үмітті екенін атап көрсеткен Акар «Алдағы күндері, бәлкім, президентіміздің ұсыныс-пікірлерімен екі ел басшысының кездесуі мүмкін. Шиеленісіп бара жатқан гуманитарлық жағдайдың нашарлауына жол бермеу және атысты тез арада тоқтатуды қамтамасыз ету үшін Түркия ретінде бітімгерлікке қоса, не істеу керек болса үлес қосуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар