Ердоған мен Зеленский телефонда сөйлесті

Ердоған мен Зеленский Ресей-Украина соғысындағы соңғы оқиғалар және келіссөз процесін қолға алды.

1817190
Ердоған мен Зеленский телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефонда екі басшының Ресей мен Украина соғысындағы соңғы оқиғалар мен келіссөз процесін қолға алғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефонда күн өткен сайын жағдай асқынған Мариупольда жаралылар мен бейбіт халықтың эвакуациясының жасалуы керектігін білдірді. 

Келіссөз процесінде қолдан келген жәрдемді жасауға, бітімгерлікті қамтыған барлық қолдауды беруге дайын тұрғанын айтқан Ердоған кепілдік тақырыбына ереже жағынан оң қарайтындарын  тілге тиек етті.

Орыс армиясы Украинаға 24 ақпанда соғыс бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар