Хулуси Акар Тәжікстан Қорғаныс министрін қарсы алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал Шерали Мирзомен кездесті.

1815854
Хулуси Акар Тәжікстан Қорғаныс министрін қарсы алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуи Акар ресми шақырумен Түркияға келген Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал Шерали Мирзоны Ұлттық Қорғаныс министрлігінде салтанатты түрде қарсы алды. 

Екі ел министрі оңаша кездесті және делегациялар арасы кездесулерге төрағалық жасады. 

Кездесуде екі ел қарым-қатынастары, аймақтық қорғаныс, қауіпсіздік пен қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақтастық жасау тақырыптары қолға алынды. Министр Акар Түркия мен Тажікстан арасындағы ортақ сенім, тарих және мәдениетке назар аударды. Шекара қауіпсіздігі және террормен күрес тақырыбында тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді. 

Акар екі ел арасындағы әскери жаттығудың арттырылуының маңыздылығына тоқталды. 

Екі ел қорғаныс  министрі делегациялар арасы жиналыстан кейін Түркия және Тажікстан арасындағы әскери келісіміне қол қойды. 

 



Ұқсас жаңалықтар