Министр Акардан «Пенче-килит» операциясы мәлімдемесі
«Пенче-килит» операциясында 30 террористің залалсыздандырылғаны жарияланды.
Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған «Пенче-килит» операциясында 30 террористің залалсыздандырылғаны жарияланды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар бас қала Анкарада «Пенче-килит» операциясы туралы мәлімдеме жасады.
Осы уақытқа дейін 30 террористің залалсыздандырылғанын білдірген министр Акар «Процесті ашық түрде бөлісеміз. Жексенбі күні кешкі уақытта басталған операция сәттілікпен жалғасуда. Нысалар үлкен жігермен бақылауға алынды. Үңгірлер мен баспаналарын басып аламыз» деді.
Операцияның бірінші кезеңінің аяқталғанын атап көрсеткен Акар «2 шейітіміз бар. Түрік әскері алдыңғы сапта, оларға ризамыз. Террористтер қай жерге тығылса да, құтыла алмайды. Біздің мақсатымыз – елді терроризм індетінен құтқару» деді.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі әлеуметтік медиа желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламада операцияда ұзындығы 200 мен 300 метрлік екі бөлек үңгірдің анықталғаны және үңгірлерде террористтерге тиесілі көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрінің қолға түскенін жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.