4-ші «Игілік пойызы» Ауғанстанға жетті

Анкарадан 30 наурызда жолға шыққан «Игілік пойызы» 1478 тонна азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар, денсаулық сақтау материалдарынмен Ауғанстанға жетті.

1814018
4-ші «Игілік пойызы» Ауғанстанға жетті

Ішкі істер министрлігі Апат және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) координациясымен ұйымдасқан азаматтық ұйымдардың қолдауымен дайындалған гуманитарлық жәрдем материалдарын жеткізетін 4-ші «Игілік пойызы» Ауғанстанға жетті.

Астана Анкарадан 30 наурызда жолға шыққан «Игілік пойызының» 4-ші сапарымен 1478 тонна азық-түлік, көрпе-жастық, киім-кешек және тұрмыстық бұйымдар, тазалық және денсаулық сақтау материалдарынан құралған жәрдем материалдары 68 контейнермен Түрікменстан шекарасындағы Тургунди шекара қақпасынан Ауғанстанға кірді.

Тургунди шекара қақпасында ұйымдастырылған рәсімге Түркияның Герат Бас консулы Синан Илхан, AFAD Халықаралық гуманитарлық көмек тобы, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы, Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамы басшылары, ТИКА Герат координаторы Арафат Дениз және ауған лауазымдылар қатысты.

AFAD Халықаралық гуманитарлық көмек тобы төрағасы Бурхан Аслан 4-ші «Игілік пойызында» көрпе-жастық, киім-кешек және тұрмыстық бұйымдардың болғанын айтты. 

Түркия, Иран, Түркіменстан территорияларынан өтіп, Ауғанстанға жеткен "Игілік пойызы" 4 мың 168 километр жол жүрді.



Ұқсас жаңалықтар