Түркия әрқашан Пәкістанның қасында

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шериф "Түркия жаман кездерде және жақсы кездерде Пәкістанға  жәрдем берді" деді.

1813973
Түркия әрқашан Пәкістанның қасында

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шериф метробус жобасына орай Түркияға алғыс айтып, Анкараның жақсы күндерде және жаман күндерде Исламабадтың қасында болғанын білдірді. 

Премьер-министр Шахбаз Шериф түрік фирмасы Албайракқа тиесілі астанадағы метробус стансасында "Исламабад әуежайы метробус жобасының" беташарында сөз сөйледі. Шериф сөзінде Қытай және Түркияның қатынас жобаның тамамдалуына жәрдем бергенін баяндады. 

Шерив Түркия мен Пәкістан халқының тарихи тамырының тереңге барып тірелгенін еске салып, "Президент Режеп Тайып Ердоған түрік экономикасын күшейткен заманауи бір лидер. Түркия жаман кездерде және жақсы кездерде Пәкістанға  жәрдем берді" деді. 

Раваллинди-Исламабад метробус жобасы 2015 жылы бұрынғы премьер-министр Наваз Шериф кезеңінде іске қосылған еді. 

Одан кейін 2017 жылы басталған Имламабад әуежайы метробус жобасының бір бөлімі тамамдалған, алайда бітірілмеген еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар