Türkiye Руанда қырғынының жылдығына орай көңіл айтты

Türkiye Руандада 1 миллион Тутсидің өліміне себеп болған қырғынмен байланысты бұл елге көңіл айтты.

1808904
Türkiye Руанда қырғынының жылдығына орай көңіл айтты

ТР Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесі «Руанда Республикасында 1994 жылы 1 миллионнан астам адамның жүйелі түрде жауыздықпен қырғынға ұшырағанын, адамзат тарихының жақын кезеңдегі ең үлкен зұлымдықтарының бірі ретінде Тутсилерге бағытталған қырғынды тағы бір рет терең қайғымен еске аламыз» делінді.

Мәлімдемеде Türkiye-нің адамзатқа қарсы түрлі қылмыстардың қайталанбауы үшін күресетіні аталып «Дос Руанда мемлекетінің және халқының қайғысын шын жүректен бөлісіп, көңіл айтамыз. Türkiye әртүрлі адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың, нәсілшілдік, ксенофобия мен осыған ұқсас қасіреттердің алдын алу үшін күресін жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар