Ердоған серб әріптесі Вучичті құттықтады

Президент Ердоған Вучичке телефон шалып, Сербия президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

1807128
Ердоған серб әріптесі Вучичті құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сербия президенті Александр Вучичті қайта сайлануымен құттықтады.

Президенттік коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған серб әріптесімен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Ердоған Александр Вучичті Сербия президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындысының дос Сербия халқына құт әкелуін тіледі.

Президент Ердоған ұзақ жылдар бойы бірге орнатқан достық пен ынтымақтастықтың Вучичтің жаңа қызметінде шынайылықпен одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысының бүкіл аймаққа әртүрлі тұғырда болымсыз әсер тигізгенін атап көрсеткен президент Ердоған бейбітшіліктің орнығуы үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасауды жалғастырғандарын атап көрсетті.

Ердоған жауапты көшбасшылар ретінде сындарлы хабарламалар жасауды жалғастыру қажеттігі мен осы қиын кезеңде аймаққа одан көп тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керектігін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар