Ердоған Кисида Фумиомен телефонда сөйлесті

Екі лидер телефондағы әңгімеде Türkiye-Жапония қарым-қатынастарын дамыту жолдары және Ресей  мен Украина соғысын қамтыған аймақтық тақырыптарды талқылады.

1807606
Ердоған Кисида Фумиомен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Жапония премьер-министрі Кисида Фумиомен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Türkiye-Жапония қарым-қатынастарын дамыту жолдары және Ресей  мен Украина соғысын қамтыған аймақтық тақырыптар талқыланғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефондағы әңгімеде Türkiye-Жапония Экономикалық Ортақтық келісімінің нәтижеге жетуі пайдалы болатынын,  энергия, азық-түлік, ауыл шаруашылығы, дамыған технология, қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты бекемдеуді қалайтындарын жеткізді.

Ресей  мен Украина соғысына байланысты оқиғалар бағаландырылған кеңесте Ердоған атысты тоқтату және гуманитарлық дәліздердің ашылуына қатысты талпыныстарды жалғастырғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар