Бас Штаб Басқармасы төрағасы Гүлер эстониялық әріптесімен бас қосты

Эстония Республикасы Қорғаныс күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Мартин Херем Анкараға келді.

1805621
Бас Штаб Басқармасы төрағасы Гүлер эстониялық әріптесімен бас қосты

Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер Эстония Республикасы Қорғаныс күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Мартин Хереммен бас қосты.

Генерал Гүлердің ресми қонағы ретінде Анкараға келген генерал-лейтенант Херем басшылығындағы делегация Бас штаб басқармасында әскери рәсіммен қарсы алынды.

Рәсімнен кейін генерал Гүлер мен генерал-лейтенант Херем Бас штаб штаб-пәтерінде кездесуді бастады.

Жиналыста әскери саладағы екіжақты қарым-қатынастарға қоса аймақтағы соңғы оқиғалардың талқыланатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар