Ердоған мен Зеленский телефонда сөйлесті

Владимир Зеленский Украина мен Ресей арасында Стамбулда өткізілген келіссөзге үй иесі болғаны үшін президент Ердоғанға алғыс айтты.

1805281
Ердоған мен Зеленский телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Ресей-Украина делегациялары арасында сейсенбі күні Стамбулда өткізілген келіссөз жиналысы талқыланғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефонда Ресей-Украина делегациялары арасында сейсенбі өткізілген келіссөз жиналысының нәтижесі соғысты тоқтату және бейбітшілік орнату үшін жалғасқан процеске есе қосқанын білдіріді.

Стамбулдағы кездесуден кейін дағдарысты азайту жөнінде ишараттар байқалуы маңызды екенін айтқан Ердоған Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің басын қосу және осы кездесуге Türkiyeретінде үй иесі болу ұсынысын қайталады.

Украина президенті Владимир Зеленский телефонда Украина мен Ресей делегациялары арасында Стамбулда өткізілген келіссөз жиналысына үй иесі болғаны үшін президент Ердоғанға алғыс айтты.

Орыс әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастады.



Ұқсас жаңалықтар