Түркия Ливанға гуманитарлық жәрдем кемесі жіберді

Түркиядан Ливанға жіберілген 15 жүк көлігі Триполи портына ұласты.

1799355
Түркия Ливанға гуманитарлық жәрдем кемесі жіберді

Түркиядан Ливанға гуманитарлық жәрдем тасымалдаған 15 жүк көлігі бар кеме Триполи портында салтанатты түрде қарсы алынды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен Апат және төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) үйлестіруімен дайындалған 524 тонна гуманитарлық жәрдем материалының алғашқы бөлігі Мерсин Ташуджу портынан шығып, Ливанға келді.

Триполи портында аялдаған кемені Түркияның Ливандағы елшісі Али Барыш Улусой, Ливан Жоғары жәрдем комитетінің төрағасы генерал-майор Мұхаммед Қайыр және Ливан қауіпсіздік мекемелерінің өкілдері қарсы алды.

Жәрдем рәсімі себепті сөз сөйлеген Улусой «15 жүк көлігі тасымалдаған бұл жәрдем материалын бүгінгі салтанатты рәсіммен Ливан әкімшілігіне жеткізіп отырмыз. Балалар үшін сүтке қоса азық-түлікті қамтитын бұл жәрдем пакеттері Ливан қауіпсіздік мүшелерінің шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жіберілді.

Тағы 18 жүк көлігінен тұратын екінші қосалқы флот осы аптаның соңына дейін Триполиге келеді, сонымен қатар Ливан қауіпсіздік мекемелерінің мүшелері мен олардың отбасыларына таратылады деп күтеміз» деді.

Улусой Түркияның дос және бауырлас Ливанның әл-ауқаты мен игілігі үшін өз үлесін қосуды жалғастыратынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар