"Мешітті паналап отырған түріктердің эвакуациясы үшін байланыстамыз"

Министр екі жүк ұшағының қайтуы үшін де келіссөз жалғасуда екенін білдірді.

1797228
"Мешітті паналап отырған түріктердің эвакуациясы үшін байланыстамыз"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік қарулы күштерінің Украинада қалған 2 жүк ұшағы туралы Ресеймен де, Украинамен де жалғасып жатқан келіссөздерден оң нәтиже күткендерін білдірді.

Акар НАТО қорғаныс министрлерінің кезектен тыс жиналысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Украинадағы оқиғалардың аймақ қауіпсіздігінде түбегейлі өзгеріске себеп болғанын білдірген Акар Түркияның Украинаның тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын және шұғыл түрде атысты тоқтатудың жариялануы керектігін білдірді. Министр Акар "Гуманитарлық жағдай нашарлап барады, мұның алдын алу керек. Біз бұл үшін атысты тоқтату керек деп айтып отырмыз. Біз мұны ұсынамыз, айтамыз, ынтымақтастық білдіреміз" деді.

Министр Акар Украинаның Мариуполь қаласында мешітті паналаған түрік азаматтарының эвакуациялануына байланысты сұраққа да жауап берді. "Сол қалада барлық жерде, жолдарда да жеке қақтығыстар болып жатыр. Сондықтан көліктермен эвакуациялау кезінде  шабуылға ұшырау  ықтималына қарсы «күтейік" дейді. Біз эвакуация үшін тараптармен байланыстамыз» деді министр.

Украинада қалған екі A 400M ұшағының жағдайы туралы сұраққа Хулуси Акар былай деді: "Біз гуманитарлық көмекке жіберген екі жүк ұшағымыз 23 ақпанда Украинаға қонды. Олар гуманитарлық көмек материалдарын украиналық әріптестеріне жеткізді. Тап қайтатын кезде  әуе кеңістігі жабылып қалды». Министр: «Біз бұл мәселені Ресеймен де, Украинамен де сөйлесіп жатырмыз. Екі ел де бұл мәселеге қызығушылық танытып отыр. Олар ешбір зақым келтірместен ұшақтарды  шығаруға тырысуда. Біз байланысымызды жалғастырамыз. Алдағы күндері жақсы хабар келеді деп сенеміз» деді.  

Ресей порттарында тұрып қалған кемелер туралы сұраққа министр: «Біз Ресей билігімен сөйлестік. Кемелер қайтты.  Қалған кемелерге байланысты келіссөз жалғасуда» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар