Ердоған "Халықаралық мейірімділік сыйлықтары" бағдарламасында үн қатты

Президент Ердоған Түркияның әрқашан езілгендерге баспана болуды жалғастыратынын мәлімдеді.

1795998
Ердоған "Халықаралық мейірімділік сыйлықтары" бағдарламасында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның әрқашан езілгендерге баспана болуды жалғастыратынын мәлімдеді. 

Президент Ердоған бас қала Анкарадағы «Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында» болып өткен «Халықаралық мейірімділік сыйлықтары» бағдарламасында үн қатты. 

Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетінің адамзат тағдырының ортақ екенін қайтадан еске салғанын атап көрсеткен Ердоған «Түркиядан сұраныс жасаған 160 елге медициналық құрал-жабдық қолдауы көрсеттік. Өз елімізде қонақ еткен босқындарды өз азаматтарымыздан бөлек қабылдамай, денсаулық сақтау қызметін көрсеттік» деді. 

«Жақсыны құрметтеу маңызды болса, жамандар мен залымдарға қарсы ұлылықпен қарау өте маңызды» деген Ердоған Түркияның 40 жылдан бері терроризммен күресіп жатқан және терроризмнің азабын жақсы сезінетін ел екенін атап көрсетті. 

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK балаларын тауға алып кеткен аналардың «Балаларымызды қайтарғымыз келеді» деген жан-айқайы террорға және олардың жақтастарына енгізілген ең ауыр соққылардың бірі екенін атап көрсеткен Ердоған «Биыл екінші адалдық сыйлығын балаларын террор құрсауынан құтқаруға тырысқан диярбакырлық батыл аналарға береміз» деді. 

Түркияның езілгендердің жанында екенін атап көрсеткен Ердоған «Кеше Ирак, Сирия және Ауғанстаннан келген еді. Бүгін де Украинадан келді, бұл ел әрқашан езілгендерге баспана болып қала береді» деді.



Ұқсас жаңалықтар