Диярбакырда «Эрен қыс-31» операциясы басталды
Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.
Диярбакырда PKK террор ұйымына бағытталған «Эрен қыс-31» операциясы басталды.
Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатында Диярбакырда «Эрен қыс-31» операциясы (Диярбакыр-Арыклы) шейіт жандармерия сержанты Мехмет Челик операциясы басталды.
Операцияға 1 мың 130 қызметкер мен 73 операциялық топ қатысуда.
Мәлімдемеде «Елімізде террорды түбегейлі жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Эрен қыс» операциялары халқымыздың да қолдауымен, табанды түрде сәттілікпен жалғасуда» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілімен сөйлесті
Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілі Али Багери Кенимен телефон арқылы сөйлесті.
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.