Түркия атысты тоқтату бітіміне риза

Ибрахим Калын Украинада бейбіт халықты эвакуациялау үшін жарияланған атысты тоқтату бітіміне риза болғандарын білдірді.

1790975
Түркия атысты тоқтату бітіміне риза

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Украинада бейбіт халықты эвакуациялау үшін жарияланған атысты тоқтату бітіміне риза болғандарын білдірді. 

Ибрахим Калын Twitter-дегі парақшасында "Украинада бейбіт халықты эвакуациялау үшін жарияланған атысты тоқтату бітіміне риза болдық. Атысты тоқтату бітімінің түбегейлі болуы және бейбітшілік келіссөздерінен  нәтиже шығуы үшін Президентіміздің басшылығында талпыныстарымызды жалғастырамыз" деп көрсетті. 

Ресей Украинаның Мариуполь, Харьков және Суми қалаларынан бейбіт халықты  эвакуациялау үшін Мәскеу уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап атысты тоқтатқанын хабарлаған еді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар