Армения Сыртқы істер министрі де Түркияға келеді

Арарат Мирзоянның 11-13 наурызда Анталия дипломатия форумына қатысатыны хабарланды.

1791221
Армения Сыртқы істер министрі де Түркияға келеді

Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянның 11-13 наурызда Анталияда өтетін Анталия дипломатия форумына қатысатыны хабарланды.

Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының Twitter-дегі ресми парақшасында Мирзоянның Анталия дипломатиялық форумына қатысатыны туралы ақпарат таратылды.

Әзербайжан өз жерлерін армян басқыншылығынан азат еткен Екінші Қарабах соғысынан кейін арнайы өкілдер     Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру шеңберінде    Арменияның астанасы Ереван және Швейцарияның Женева қалаларында екі турлық кездесулер өткізген болатын.  



Ұқсас жаңалықтар