Түркия халықаралық қоғамға шақыру жасады

Түркияның БҰҰ Женева кеңсесі жанындағы тұрақты өкілі халықаралық жедел отырыста баяндама жасады.

1789598
Түркия халықаралық қоғамға шақыру жасады

Түркия Ресей-Украина арасындағы соғысқа араласпаған жағдайда аймақта үлкен бір дағдарыс болатынына назар аударып, халықаралық қоғамға Украина халқының қайғысын жеңілдету үшін осы соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерді біріктіруге шақырды.

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Женева кеңсесі жанындағы тұрақты өкілі Садык Арслан БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің «Ресейдің шабуылдаушы ұстанымынан туындаған Украинадағы адам құқықтарының жағдайы» тақырыпты жедел отырысында баяндама жасады.

47 мүшеден тұратын Кеңеске үн қатқан Арслан Ресейдің Украинаға қарсы шабуылдаушы ұстанымының негізсіз, заңсыз және халықаралық құқық пен тәртіпті өрескел бұзу екенін атап өтті.

Арслан Түркияның шекараларды күшпен өзгертуге табанды түрде қарсы екенін атап «Түркия аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретін бұл заңсыз әрекеттерді қабылдамайды және айыптайды. Ресейді әскери операцияларын тоқтатып, Украинадан күштерін шығаруға шақырамыз» деді.

«Өмір сүру құқығы негізгі құқық» деген Арслан Ресейдің шабуылдарының сансыз адамның өміріне қауіп төндіргеніне назар аударды.

Арслан Түркия Ресей-Украина соғысына араласпаған жағдайда аймақта үлкен бір дағдарыс болатынына назар аударып, «Украина халқының қайғысын жеңілдету үшін осы соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерді біріктіру керек» деді.

Арслан Украинада бейбітшілік орнату үшін әртүрлі күш-жігерді қолдауға дайын екендіктерін атап көрсетті.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар