Киевтен түріктерді тасымалдаған пойыз жолға шықты

Украинадан Румынияға барған 164 кісі Түрік Әуе Жолдары ұшағымен астана Бухаресттен Стамбулға әкелінді.

1787844
Киевтен түріктерді тасымалдаған пойыз жолға шықты
ukrayna tren tahliye.jpg
kirim tatar turkleri edirne.jpg

Украина астанасы Киевтен Румыния шекарасындағы Черновцы қаласына түрік азаматтарын тасымалдаған пойыз жолға шықты.

Түркияның Украинадағы өкілетті елшілігінің хабарлауымен арнайы пойызбен жолға шыққан мың адам Румыния арқылы Түркияға оралады.

Украинадағы соғыс жағдайы және орыс топтарының шабуыл қаупіне орай пойыз көп мәрте тоқтады және шырақтарын жауып, жолға шықты.

Түркияның Украинадағы өкілетті елшісу Ягмур Ахмет Гулдере пойыз стансасындағы мәлімдемесінде Украина мен бауырластардың ауыр сыннан өтіп жатқанын және осы кезеңде түрік азаматтарының жан амандығын ойлағандарын айтты.

"Эвакуацияларға автобуспен бастадық. Өкінішке орай, әуе алаңдары жабық болғандықтан ұшақ қолдана алмаймыз" деген Гулдере ауыр шарттарда Киев пен Харьковтен эвакуациялау үшін пойыз дайындағандарын, азаматтарымызды осы былыққан ортадан  жолдағандарын білдірді.

Украинадан Румынияға барған 164 кісі

мен астана Бухаресттен Стамбулға әкелінді.

Украинадан автожолмен алғашқы топтағы Қырым татарлары да Түркияға жетті.

Едирнеге келген Қырым татар түріктері Түркияға алғыстарын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар