Медициналық көмектер Талибан үкіметіне тапсырылды

«Игілік пойызымен» жеткен медициналық көмек пакеттері Талибан үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды.

1782281
Медициналық көмектер Талибан үкіметіне тапсырылды
Turkiye afganistan yardim.jpg
afganistan iyilik treni.jpg

Апат және төтенше жағдай басқармасы AFAD координациясында Түркиядағы кейбір көмек ұйымдары көмек материалдарын жинаған болатын.  Осы материалдарды тасыған «Игілік пойызымен» жеткен медициналық көмек пакеттері Ауғанстанда Талибан үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды.

Материалдарды тапсыру үшін Кабулда ресми рәсім ұйымдастырылды. Рәсімге Түркияның Ауғанстандағы  елшілігінің кеңесшісі Эмре Манав, Талибан үкіметінің Денсаулық министрінің орынбасары Хабибулла Ахунзаде қатысты.

Түркия елшілігі кеңесшісі Манав өз уақытында түрік халқының жанынан табылған ауған халқына көмектесуге әрқашан дайын екендерін айтты. Ол Ауғанстанға жеткен «Игілік пойызында» көптеген материал түрінің бар екенін, осы көмектің елдің 34 уәлаятына жеткізілетінін білдірді.

Кеңесші медициналық материалдарды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырғандарын айтты.

Талибан үкіметінің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ахунзаде «Түркияның алдымен коронавирус науқастары мен есірткіге тәуелді науқастардың еміне көмектесуін сұраймыз. Түркия мұсылман және дос ел болғандықтан басқа елдерге қарағанда Түркиядан көп қолдау күтеміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар