Президент Ердоғанның Азиз Санжар хабарламасы

Анкарада Профессор, доктор Азиз Санжар атындағы Білім қалашығы салтанатты түрде ашылды.

1780428
Президент Ердоғанның Азиз Санжар хабарламасы

Президент Режеп Тайып Ердоған Нобель сыйлығының иегері түрік ғалымы профессор, доктор Азиз Санжар атымен ашылған қалашықтың білімге деген құштарлық пен Санжарға алғысымыздың көрсеткіші екенін мәлімдеді.

Президент Ердоған бас қала Анкарада Профессор, доктор Азиз Санжар атындағы Білім қалашығының ашылу салтанатына бейне құттықтау жолдады.

Кампустың құт әкелуін тілеген Ердоған ғылым саласындағы елдің мақтаныштарының бірі болып табылатын Профессор, доктор Азиз Санжарға бағдарламаға қатысқаны үшін ерекше алғыс айтты.

Үкіметтің соңғы 20 жылда білімге салған инвестициясының жемісін ала бастайтын кезеңге кіргенін айтқан Ердоған «Еліміз 2023 жылға арналған мақсаттарына (Түркия Республикасының 100 жылдығында) сәйкес алға нық қадамдар басып ғылым, мәдениет, өнер, спорт және тағы көптеген салада іргелі жетістіктерге қол жеткізетін кадрларды дайындау үшін қажетті инфрақұрылымды құруда» деді.

Ашқан бұл заманауи кампус білімге деген құштарлығымыз бен құрметті Азиз Санжар ағамызға алғыс сезіміміздің де көрсеткіші болып табылады» деген Ердоған «Осы шаңырақ астында ондаған жылдар бойы білім мен тәрбие алатын балаларымыз құрметті ұстазымыз, Азиз Санжар сияқты алатын Нобель сыйлығымен тарих сахнасында ұлтымызды үздік танытатын болады. Осы тілектермен мен болашақ Азиз Санжарларды елімізге дайындайтын бұл білім қалашығының құрылуына үлес қосқандарды және сіздерді тағы да шын жүректен сүйіспеншілікпен құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар