Ердоғанның БАӘ сапары араб баспасөзінде кең орын алды

Президент Ердоғанның БАӘ-ге сапары араб баспасөзінде үлкен жаңырық тудырды.

1779666
Ердоғанның БАӘ сапары араб баспасөзінде кең орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) екі күндік ресми іс-сапары БАӘ мен араб баспасөзінде үлкен жаңғырық тудырды. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің күнделікті газеттері екі елдің аймақтық бейбітшілікке үлес қосатынына сенім білдіргенін жазған.

Араб ақпарат құралдары сапарды Ердоғанның «Шығанақ аймағының қауіпсіздігін өз қауіпсіздігімізден бөлек көрмейміз» деген сөздерімен хабарлады.

БАӘ-де шығатын «Әл-Ватан» газеті «БАӘ мен Түркия аймақтың тыныштығына мұрындық болды» деген тақырыппен Президент Ердоғанның сапарына шолу жасаған. Газет екі елдің энергетика, озық бағдарлама және кейбір жобалармен аймақтық дамудың көшбасшысы бола алатынына орын берген. 

Сапармен байланысты хабарын «Берекелі болашақ» деген тақырыппен жариялаған «Әл-Иттихад» газеті Абу-Даби және Анкараның екі ел арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті жетілдіретін ерік-жігерге ие екеніне назар аударды.

Орталығы Лондондағы араб тілінде жарияланған "Шаркулевсат" газеті болса Абу-Даби мен Дубай әмірліктеріне 2 күндік сапармен барған Президент Ердоғанның «Шығанақ аймағының қауіпсіздігін өз қауіпсіздігімізден бөлек көрмейміз» деген сөздерімен оқырмандарына жеткізді. 

Сауд Арабиясының «Al Arabiya» телеарнасына қоса Парсы шығанағы және басқа да араб елдерінің көптеген ақпарат құралы Ердоғанның сапарынан кейін БАӘ мен Парсы шығанағы елдерінің қауіпсіздігіне арналған хабарламасына назар аударды.

Араб баспасөзі Түркия мен БАӘ-нің жақындасуының артынан президент Ердоған үшін ​​Абу-Дабиде жасалған салтанатты қарсы алу рәсіміне назар аударады.



Ұқсас жаңалықтар