Президент Ердоған Абу-Дабиде іскерлерге үн қатты

Ердоған "Ортақ мақсатымыз – екіжақты қарым-қатынасымызды барлық салада жоғары деңгейге көтеру".

1778946
Президент Ердоған Абу-Дабиде іскерлерге үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) ортақ мақсаттарының екіжақты қарым-қатынастарды әр салада әлдеқайда жоғары деңгейге көтеру екенін атап көрсетті. 

Президент Ердоған БАӘ-дегі кездесулері аясында бас қала Абу-Дабиде БАӘ іскерлері мен инвесторларына үн қатты. 

Ердоған «Құрметті бауырым Шейх Мұхаммед ибн-Заидтың қараша айындағы сапарымен Түркия-БАӘ қарым-қатынасында жаңа бір кезеңді бастадық. Сауда-саттық қарым-қатынастарды дамытып, инвестицияларды арттыру тақырыбында ортақ көзқарастамыз. Бұл өзара түсіністікті кешегі кездесулерімізде қуаттадық. 13 келісімге қол қойдық. БАӘ Түркияның Парсы шығанағы аймағындағы негізгі сауда серіктесі болып табылады. 

Ортақ мақсатымыз – екіжақты қарым-қатынасымызды барлық салада жоғары деңгейге көтеру. Кеше өнеркәсіп пен озық технологиядан көлікке, денсаулық сақтаудан ауыл шаруашылығына және өзара инвестицияға дейін ауқымда қол қойылған құжаттар осы мақсатқа жету жолында бірлесіп жұмыс істеу ұмтылысымызды айқын көрсетті» деді. 

Түркия мен БАӘ-нің экономикалық тұрғыдан бір-бірін толықтыратын елдер ретінде қысқа уақытта үлкен жетістіктерге қол жеткізетініне сенім білдірген Президент «Автокөлік, авиация, банк пен қаржы салаларынан бастап, әрсалада экономикалық байланысымызды күшейту үшін қажетті қадамдарды басып жатырмыз» деді. 

Түркияның 85 миллион халқы, өсіп келе жатқан өнеркәсіптік өндірісі, білікті жұмыспен қамту әлеуеті, физикалық инфрақұрылымы және географиялық орналасуымен ерекшеленетін ел екенін атап көрсеткен Ердоған жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті кезінде болған жағдайдың түрік экономикасының күшін, шыдамдығын және соңғы 20 жылда көтерілген сатысын айқын көрсеткенін мәлімдеді. 

«Әлемдік экономика 3,4 пайызға кішірейген 2020 жылы біз 1,8 пайыздық өсу қарқынына қол жеткіздік. Сол кезеңде Үлкен жиырма елдерінде өнеркәсіп өндірісі ең көп өскен елдердің қатарында болдық» деген Ердоған «Өткен жылды 33 пайыздық өсіммен 225 миллиард доллардан асқан рекорд экспорт және 500 миллиард долларға жақындаған сыртқы сауда көлемімен аяқтадық. Қос санды мөлшерге жетеді деп есептеген 2021 жылғы өсу көрсеткішімен иншалла бұл  табысымызды арттырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар