Қорғаныс министрі НАТО жиналысына қатысады

Акар НАТО штабында өтетін жиналысқа қатысу мақсатымен Бельгияға барады.

1778985
Қорғаныс министрі НАТО жиналысына қатысады

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 16-17 ақпан күндерінде өтетін НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысады.

Акар Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс артқан кезеңде НАТО штабында өтетін жиналысқа қатысу мақсатымен Бельгияға барады.

Министр жиналыс шеңберінде өткізілетін Ядролық жоспарлау тобы, Еуропада Қауіпсіздік жағдайы және қорғаныс тақырыпты отырыстарға қатысады. Ұлыбритания, Румыния, Нидерланды, Литва, Эстония және Солтүстік Македония секілді елдердің қорғаныс министрлерімен кездесу өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар