Батманда «Эрен қыс-15» операциясы басталды
ТР Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.
Батманда қатардағы шейіт жандармерия Фатих Текдоғанның атымен аталатын «Эрен қыс-15» операциясы басталды.
ТР Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда «Іздеу-анықтау-жою» тактикасымен қысқы дайындықтар алдында террористерді залалсыздандыру мақсатты аймақтың тыныштығын қамтамасыз ету үшін басталған операцияға Диярбакыр Жандармерия аймақтық қолбасшылығының координациясында 1 мың 440 қызметкердің қатысқаны білдірілді.
Елдегі лаңкестікті түбегейлі жою мақсатты жүргізілген «Эрен қыс» операцияларының халықтың қолдауымен, адал және табанды түрде сәтті жалғасатыны атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.
Түркияда аза тұту күні жарияланды
Иран Президентінің қазасына байланысты Түркияда аза тұту күні жарияланды.