Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған: "Биылғы өсу көрсеткішіміз ондық орынға шығады" деді.

1744868
Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті процесінде жаһандық экономиканың 3.4 пайыз азайғанын, ал өткен жылы Түркияның 1.8 пайыз өскенін айтты.

Ердоған: "Биылғы өсу көрсеткішіміз ондық орынға шығады" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда өткен Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Түркияны 19 жылдан бері әділдікті негіз еткен демократия және өркендеу түсінігімен басқарғандарын, елдің азаттығын жаһандық мүдде одақтарының бақылауындағы ережелермен емес, инвестициялар, жұмыс беру, өндіру, экспорт, кірісті арттыруда көргендерін айтқан Ердоған:

"Мақсатымыз түбегейлі өндіріс, жұмыс беру және өркендеуге қол жеткізу. Өнеркәсіп күшімізді жылдам арттыырып, төмен өсім мен тепе-тең валюта өндірісі және жұмыс беруді біртіндеп жақсарту" деді.

"Катармен бүгінге дейін саяси, әскери, сауда, экономика және мәдени тақырыптарда 84 келісімге қол қойып, ынтымақтастығымызды бекемдедік" деген Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерімен басталған жаңа кезеңді ілгерлететіндерін айтты.  

Президент Режеп Тайып Ердоған:

 "Биылғы өсу көрсеткішіміз ондық орынға шығады" деді.



Ұқсас жаңалықтар