Ұлттық Қорғаныс министрі Катарда

Министр Акар президент Ердоғанның Катар сапары алдында бас қаласы Дохада кездесулер өткізді.

1743322
Ұлттық Қорғаныс министрі Катарда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Катар премьер-министрінің орынбасары, әрі Қорғаныс министрі Халид бин Мұхаммед әл-Атиййемен бас қосты.

Министр Акар президент Режеп Тайып Ердоғанның сапарына дайындық аясында барған Катардың бас қаласы Дохада кездесулер өткізді.

Екіжақты және аймақтық қорғаныс, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық туралы пікір алмасқан Акар мен әл-Атиййе кездесуінде өзара әскери дайындық ынтымақтастығын арттыруға ниет білдірілді.

Хулуси Акар Катарда орналасқан түрік әскерлерімен де бас қосты.

Осында үн қатқан министр Акар түрік әскерлерінің табысты жұмысын жақыннан қадағалап отырғандарын айтып, «Сіздердің табыстарыңызға қуаныштымыз және мақтанамыз. Алдағы уақытта да қызметіңіз бұрынғыдай байыптылық, шынайылық және табыспен жалғасады деп сенеміз» деді.

Бірге жұмыстану мақсатты әрі Катар, әрі Түркияда болып өткен бірлескен жаттығулардың маңыздылығына тоқталған Акар «Бұл жерде Катармен жасаған жұмысымыз үшінші елдерге қарсы емес, елдерімізді, ұлттарымызды, құқықтарымызды қорғау және күш-қуатымызды барынша арттыруды нысанаға алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар