Ердоған "Еріктілер күнімен" құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған "Түркия Еріктілер жүлдесін" беру рәсіміне сәлем жолдады.

1743198
Ердоған "Еріктілер күнімен" құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен ұйымшылдық сүйікті ұлтымыздың өткеннен бүгінге дейінгі ерекше қасиеттері екенін айтты.

Ердоған:

"Түрік Қызыл жарты ай қоғамымыз мұқтаждардың қасында болу жолымен олардың жараларын жазуда" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған "5 желтоқсан Дүниежүзілік Еріктілер күніне" орай Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан Стамбул Халич Конгресс орталығында ұйымдастырылған "Түркия Еріктілер жүлдесін" беру рәсіміне сәлем жолдады.

Президент Режеп Тайып Ердоған сәлемінде:

"Қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен ұйымшылдық сүйікті ұлтымыздың өткеннен бүгінге дейінгі ерекше қасиеттері болды.  Құрылған күннен бері "Еріктілік" негізімен жұмыстанған Түрік Қызыл жарты ай қоғамымыз елімізде және төңіректің төрт бұрышында  ғы мұқтаж жандардың қасында болып, жәрдем қолын созды. Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан 5 желтоқсан Дүниежүзілік Еріктілер күніне орай ұйымдастырылған "Түркия Еріктілер жүлдесі" бағдарламасының жастарды қамтыған қоғамымыздың барлық азаматтарын жақсылық жас ауда бәсекелесуге және ерікті болуға шабыттандыратынына сенемін" деп көрсетті. 

"Түркия Еріктілер жүлдесін" алғандарды құттықтаған Ердоған:

"Игілік үлгіміз Түрік Қызыл жарты ай қоғамының қызметкерлеріне, еріктілеріне және қолдаушыларына шынайы алғыс айтамын" деді.



Ұқсас жаңалықтар