Түркия Ковид-19-ға қарсы әлемде 6-шы орында

Bloomberg тізімінде алғашқы бес орынды алған елдер Біріккен Араб Әмірліктері, Чили, Финляндия, Ирландия және Испания.

1741665
Түркия Ковид-19-ға қарсы әлемде 6-шы орында

Түркия солтүстік жарты шар қыс маусымына кірген кезде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы қарсылық қуаты күшті елдер тізімінде 6-шы орынды иеледі.

АҚШ медиа ұйымы Bloomberg Ковид-19 қарсылық күш тізімін жариялады.

Bloomberg елдердің Ковид-19 індетіне қарсы күрес пен талпыныстары, денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы, вакцинация мөлшері, жалпы өлім саны мен саяхатты қайта бастау сияқты көрсеткіштерінен пайдаланып, бір тізім шығарды.

Коронавирус індеті басталғаннан бергі жалпы жағдайға сай елдерді тіркеген Bloomberg-тің соңғы тізімінде Түркия әлеуметтік аралықты сақтау тәртіптерін босаңсыту және көптеген уәлаяттың қауіпсіз болуынан кейін 6-шы орынды иеледі. 

Bloomberg тізімінде алғашқы бес орынды алған елдер Біріккен Араб Әмірліктері, Чили, Финляндия, Ирландия және Испания. 

Түркиядан кейнгі тізімде Канада, Швеция, Франция, Дания мен Норвегия бар.

Ұлыбритания мен АҚШ 12-13-ші орынды иеледі.

Малайзия, Вьетнам, Индонезия және Филиппин тізімнің соңында қалды.



Ұқсас жаңалықтар