Түркияда вирустан 207 кісі мерт болды

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 24 мың 498 кісіге көбейді.

1741061
Түркияда вирустан 207 кісі мерт болды

Түркияның коронавирус індетімен күресі жалғасуда.

Соңғы 24 сағаттағы жан шығыны 207 адамға жетті.

Соңғы бір тәулікте 359 мың 420 адамға сынама жасалды.

Бір тәулікте 25 мың 216 адамға коронавирус жұқты.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 24 мың 498 кісіге көбейді.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында бүгінге дейін 1-ші, 2-ші және 3-ші коммпонентпен вакцина ектіргендердің жалпы саны 120 миллион 397 мың 20 адамға жетті.



Ұқсас жаңалықтар