Түркияда жаппай карантин болмайды

Эпидемиямен күресте ең ықпалды қару вакцинация болмақ.

1737413
Түркияда жаппай карантин болмайды

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның коронавируспен күресте толық жабуды ойластырмағанын айтты.

Еуропада артып отырған коронавирус жұқтыру жағдайлары көптеген елді қозғалысқа салды, шектемелер қайта басталды.

Жол картасын өзгертпеген Түркияда жаппай карантин болмайды. Эпидемиямен күресте ең ықпалды қару вакцинация болмақ.

Денсаулық сақтау министрі кешені кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. Ол «Толық карантин ойластырмадық. Жаңа кезеңде жеке шаралар, әсіресе вакцина салуға көңіл бөліп отырмыз. Баршаның екпе ектіруі өте маңызды» деді.

Түркияда өндірідетін коронавирус дәрісінің жағдайына тоқталған министр: «Түркиядағы өндірісін ерте бастап, бірнеше орталықта аяқтап, мемлекетке түсетін шығынды азайтып, азаматтарымыздың Molnupiravir атты дәріні тегін алуын мақсат етіп отырмыз. Бұл көп күттірмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар