Венгрия премьер-министрі Түркияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Виктор Орбанды Президенттік сарайда ресми рәсіммен күтіп алды.

1732794
Венгрия премьер-министрі Түркияда
orban-erdogan.jpg
orban-erdogan fidan dikme.jpg

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапармен Түркияға келді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Виктор Орбанды Президенттік сарайда ресми рәсіммен күтіп алды. 

Ердоған мен Виктор Орбан Түркия-Венгрия Жоғары дәрежелі стратегиялық Кеңесінің 5-ші жиналысынан кейін қол қою рәсімі мен баспасөз жиналысына қатысады.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ресми күтіп алу рәсімі алдында Президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Бештепедегі 15-ші шілде Демократия мұражайы ұлттық орманында ұйымдастырылған Ұлттық Ағаш егу күніне орай қаламша отырғызу рәсіміне қатысты.

Орбан рәсімдегі сөзінде Түркия Республикасының құрушысы Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден өткенінің ертеңіне тура келген Ұлттық Ағаш егу күнінде Анкарада қаламша отырғызу рәсіміне қатысқанына риза болғанын тілге тиек етіп, Ататүріктің  бас бағбаны Имре Ормостың венгр екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар