Шентоп, Октай және Акар "Ататүрікті еске алу" хабарламасы жариялады

ТҰҰМ төрағасы ұлы көсем Ататүріктің қайтыс болуының 83 жылдығына орай хабарлама жариялады.

1731765
Шентоп, Октай және Акар "Ататүрікті еске алу" хабарламасы жариялады
fuat oktay.jpg
akar.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия Республикасының негізін қалаушы Ардагер Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болуының 83 жылдығына орай хабарлама жариялады. 

Мұстафа Шентоп хабарламасында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, ұлтазаттық күрестің бас қолбасшысы, республиканың негізін қалаушы Ардагер Мұстафа Кемал Ататүрікті дүниеден озуының 83 жылдығында құрметпен еске алғанын атап көрсетті. 

Ататүрікті «оның түрік ұлтымен бірге жеті құрлыққа қарсы күрестегі көшбасшылығын, Түркияның ұлттық мүддесін қадағалау арқылы» түсіну мүмкін екенін баса айтқан Шентоп «Ататүрік – ұлтымыздың толық тәуелсіздік мұратын жүзеге асырған көшбасшы. Ол достарымен кейінгі ұрпаққа атамекенді аманат етіп қана қойған жоқ. Сонымен бірге бізге отан үшін жанын пида ету сезімталдығына қоса ұлттық мұрат пен ұлттық сананы да қалдырды. Бүкіл әлем дүр сілкініп жатқанда еліміз бүгін бейбітшілік пен тыныштықта болашаққа қарай қадам басып жатса, бұл жағдай оның басшылығымен ұлтазаттық күрес майталмандарының алдымызға қойған мақсаты, көзқарасы және біздердің бұл мақсаттағы табанды күресімізбен ғана мүмкін болмақ. Ұлтымыздың толық тәуелсіз және қайтадан үлкен Түркия мұратына бел буып мақсатына қажымас қайрат және табандылықпен жететінін барша жақсы білсін!» деді.

Ататүріктің қайтыс болуының 83 жылдығына орай бір хабарлама да вице-президент Фуат Октайдан келді. 

Хабарламасында Оқтай «Республикамыздың негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден өтуінің 83 жылдығына орай құрмет және Алланың рақымымен еске аламын» деді. 

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «10 қараша Ататүрікті еске алу күніне» орай жасаған мәлімдемесінде реформалары және ойларымен түрік ұлтының жады мен жүрегінде мәңгі сақталатын ұлтазаттық күрестің бас қолбасшысы Ататүрікті дүниеден өтуінің 83 жылдығына орай құрмет және алғыспен еске алды.

Акар хабарламасында Ұлттық күресті жеңіске жеткізген және бұл жеңістің абыройын Республикамен көтерген Ататүріктің тек түрік тарихында ғана емес, әлем тарихында ең маңызды көшбасшы және мемлекет қайраткерлерінің бірі екенін атап көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар