Түркия Ирак премьер-министріне жасалған опасыз әуе шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі Казымидің резиденциясына жасалған террор шабуылына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

1730407
Түркия Ирак премьер-министріне жасалған опасыз әуе шабуылын айыптады

Түркия Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымидің резиденциясына пилотсыз әуе көлігімен жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі Казымидің резиденциясына жасалған террор шабуылына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Бүгін (7 қараша) таңертең Ирак премьер-министрі Мұстафа Казымидің резиденциясына ұшқышсыз ұшақтармен жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Ирактың егемендігі мен тұрақтылығына нұқсан келтіруді ашық нысанаға алған бұл қорқақ шабуылдың күдіктілері тез арада анықталып, жауапқа тартылады деп үміттенеміз. Түркия қайдан шыққанына қарамастан террормен күресте Ирак халқы мен мемлекетінің жанында болуды жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар