Министр Чавушоғлу Еуроодаққа үміткерлік кезеңін бағалады

Чавушоғлу ТҰҰМ-нің Жоспарлау және бюджет комитетінде үн қатты.

1729834
Министр Чавушоғлу Еуроодаққа үміткерлік кезеңін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Еуроодаққа (ЕО) үміткер ел мәртебесінен бас тартпағанын, Еуроодақтың бас тартқанын атап көрсетті.

Чавушоғлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жоспарлау және бюджет комитетінде Сыртқы істер министрлігінің 2022 жылға арналған бюджеттік таныстырылымынан кейін Түркияның Еуроодақ мүшелігіне қатысты қойылған сұраққа қайтарған жауабында «ЕО-қа үміткер ел мәртебесінен бас тартқан жоқпыз. Бас тартып отырған Еуроодақтың өзі» деді.

Еуроодаққа мүшелік кезеңімен байланысты Еуропа елдерінен мысал келтірген Чавушоғлу Франциядан бастап 9 елдің кеңеюге қарсы екенін еске салып, Черногория, Солтүстік Македония және Албания сияқты елдермен үдерістерді жалғастырмағанын атап көрсетті.

Чавушоғлу 20 тақырыпта Түркияның алға жылжуына қарамастан кейбір оппозициялық депутаттардың ЕО-тың жаңа тарауларды не ашпағаны жөнінде сұрақ қойылмағанына наразылық көрсетті. Чавушоғлу «Біз ЕО-қа «визаны жеңілдету туралы да бізді мазаламаңыз» дейміз. Олар кездесуге енді ғана жақындай бастады» деді.

Түркияның Еуроодаққа мүшелік үдерісін жеделдету талабына қарамастан Еуроодақтың бұл процесті іске асырмағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бізде де кемшіліктер бар, біз әр нәрседе мінсізбіз демейміз. Бірақ неге Еуроодақты айыптамайсыңдар, әрқашан Түркия кінәлі ме?» деп сұрады.



Ұқсас жаңалықтар