" Le Figaro " газеті Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын мақтады

Францияда шығатын "Le Figaro " газеті Түркияның 10 жыл ішінде әлемнің алдыңғы қатардағы қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын өндіретін бір елге айналғанын жазды.

1729117
" Le Figaro " газеті Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын мақтады

Францияда шығатын "Le Figaro " газеті Түркияның 10 жыл ішінде Америка Құрама Штаттары, Израиль және Қытаймен бірге әлемнің алдыңғы қатардағы қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын өндіретін бір елге айналғанын жазды.

"Le Figaro " газетінің хабарында Президент Режеп Тайып Ердоғанның "ықпалды алаңды кеңейту" үшін Ливияда және Таулы Қарабахта үлкен табыстарға қол жеткізген қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының саудасын арттырғаны білдірілді.

Газет Әзербайжан, Украина, Польша және Мароккодан кейін Қырғызстанның да Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарына қызыққанын тілге тиек етті.

Хабарда Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының басқа елдердің соғыс ұшақтарынан 20 есе арзан екені баяндалды.

 



Ұқсас жаңалықтар