Министр Чавушоғлу Италияда Лавровпен кездесті

Кездесуден кейін Чавушоғлу түрік және орыс баспасөзіне мәлімдеме жасады.

1726975
Министр Чавушоғлу Италияда Лавровпен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украина қолданған қысқаша SIHA (СИХА) деп аталатын қарулы пилотсыз әуе көліктерін Түркия өндірсе де, пайдалану құқығы мен жауапкершілігінің Украинаға тиесілі екенін, бұл себепті Түркияның айыптала алмайтынын мәлімдеді.

Үлкен жиырмалық көшбасшылар саммиті үшін президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Римге барған Сыртқы істер министрі Чавушоғлу ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен бас қосты.

Кездесудің артынан Чавушоғлу түрік және орыс баспасөзіне мәлімдеме жасады.

Орыс тілшінің Донбасста Түркияда шығарылған пилотсыз ұшақтардың қолданылғаны жайлы сұрағына Чавушоғлу Украина пайдаланған ұшқышсыз ұшақтар Түркияда өндірілгенмен оларды қолдану құқығы мен жауапкершілігінің оларға тиесілі екенін сондықтан Түркияны айыптауға болмайтынын баса айтты.

Түркияның террормен күрес барысында әртүрлі елдердің қару-жарақтарын кездестіргенін тілге тиек еткен Чавушоғлу «Терроризммен күрес кезінде біз әртүрлі елдердің, соның ішінде Ресейдің де әртүрлі қару-жарағын кездестіреміз. Ресейді ешқашан кінәламаймыз. Украина да бізді айыптаудан бастартуыңыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар