Ердоған Әзербайжаннан қайтарда ұшақта мәлімдеме жасады

Президент Ердоған АҚШ Президенті Байденмен кездесетінін білдіріп, "Бұл кездесудегі ең басты тақырыбымыз F-35 соғыс ұшақтары болады" деді.

1725705
Ердоған Әзербайжаннан қайтарда ұшақта мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары Президенті Джо Байденмен Шотландияның Глазго қаласында кездесетінін білдіріп, "Бұл кездесудегі ең басты тақырыбымыз F-35 соғыс ұшақтары болады" деді.

Президент Ердоған Әзербайжан сапарынан қайтарда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ердоған сапарда Әзербайжанның 30 жылға таяу жалғасқан Армения жаулауынан құтқарылған территорияларда жаңадан салынып жатқан құрылыстарды және аймақтағы экономиканың жанданғанын өз көзімен көргенін білдірді.

Әзербайжанның Израильмен сауда ынтымақтастығына Ираннан келген наразылықты түсіндірген Ердоған мемлекеттердің бір-бірлерінің шешім механизмдеріне араласпауы керектігін баяндап, Иранның бұл жерде байсалды тұғыр көрсетуін тілегенін атап өтті.

Президент Ердоған тұтқында болған Осман Каваланың еркін қоя берілуі үшін 10 елшінің үндеу тастауы және одан кейін Түркияның көрсеткен наразылықтарына байланысты "Біздің басқан қадамымыз біреулерге құқай көрсету емес, тек Түркияда міндет атқарған елшілердің Түркияның ішкі істеріне араласпау мағынасында болатын" деді.

АҚШ Президенті Джо Байденмен Шотландияның Глазго қаласында өткізетін кездесуге тоқталған Ердоған "Бұл кездесудегі басты тақырыбымыз әрине F-35 соғыс ұшақтары болады. F-35 ұшақтары үшін төленген 1 миллиард 400 мың долларымыз бар. Кездесуде осы тақырыпты қолға аламыз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күресті әрі мемлекет ішінде, әрі шекара тысында табандылықпен жалғастырғандарын білдірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар