Чавушоғлу Ивица Дачичпен бас қосты

Чавушоғлу: "Сербия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Ивица Дачичті Анталия Дипломатия форумына шақырдым" деді.

1718036
Чавушоғлу Ивица Дачичпен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сербия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Ивица Дачичпен бас қосты.

Мевлүт Чавушоғлу "Қосылмау қозғалысының" 60 жылдық мерейтойы жиналыстары аясында барған Сербия бас қаласы Белградта Ивица Дачичпен кездесу өткізді.

Ивица Дачичпен кездесуі жайлы Твиттер желісінен бөліскен Чавушоғлу:

"Сербия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Ивица Дачичпен қысқа уақыт ішінде кездескеніме қуаныштымын. Оны Анталия Дипломатия форумына шақырдым" деді. 



Ұқсас жаңалықтар