Түркия вакцинацияда Еуропада бірінші орында

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның вакцина егу мөлшерінде әлемде 7-ші орында екенін айтты.

1713977
Түркия вакцинацияда Еуропада бірінші орында

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы егілген жалпы вакцина компоненті тұрғысынан Еуропада бірінші орында екенін айтты. 

Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден бөліскен мәлімдемесінде Түркияда егілген вакцина саны 110 миллион компоненттен асқанын білдірді.

Министр Кожа:

"Ковид-19 індетіне қарсы егілген жалпы вакцина компоненті тұрғысынан Еуропада бірінші орында, әлем көлемінде 7-ші орындамыз. Алғашқы алты орында вакцина өндіруші және жан саны көп ел болған Қытай мен АҚШ, сонымен бірге жан саны өте көп елдер бар" деді.    



Ұқсас жаңалықтар