Түркия Ауғанстанға 33 тонна азық-түлік жәрдемін жеткізді

Түркияның Ауғанстан елшісі Джихад Эргинай мәлімдеме жасады.

1714436
Түркия Ауғанстанға 33 тонна азық-түлік жәрдемін жеткізді

Түркияның Ауғанстан елшісі Джихад Эргинай Түрік қызыл жарты ай қоғамының Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамына жеткізген азық-түлік жәрдемі рәсімінде үн қатты. 

Түркияның ауған халқына жәрдем жұмыстары туралы мағлұмат берген Эргинай «Түрік қызыл жарты ай қоғамы мен кейбір түрік мекемелері Ауғанстан және ауған халқына жәрдемдерін жалғастырады. Бұл - гуманитарлық парыз» деді.

Эргинай Түрік қызыл жарты ай қоғамы арқылы ауған халқына мұның алдында да көмек жіберілгенін атап, алдыңғы жәрдемдердің қоныс аударған адамдарға таратылғанын түсіндірді.

Гуманитарлық борыш ретінде барлық әлем мемлекеттерін Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырған Эргинай «Бүгінгі көмек жаңа бір сатының көрінісі. 33 тонналық азық-түлік жеткізілді. Бұл жәрдем қызметі 16 мың адамның бір айлық азық-түлік қажеттілігін қамтитын шамамен 2 мың пакеттен тұрады» деді.

Эргинай жәрдемдерді Кабулға қоса, Джелал Абад пен Газне қалаларына да тарататындарын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар